Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы базасында ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы базасында қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде кәсіби қызметтік және дене дайындығына жауапты қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы: “Жеке құраммен кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде сабақтарды ұйымдастыру” тақырыбына арналды.

Курс аясында Combat Ju-Jutsu халықаралық федерациясының қатысуымен арнайы семинар өткізілді. Семинарды спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, Combat Ju-Jutsu бойынша VIII дан иегері Соловьев Валерий Николаевич жүргізді.

Семинар тақырыбы: “Қарулы шабуылдан қорғану және қарусыз белсенді қорғаныс әдістері”. Семинар барысында қатысушылар қарулы және қарусыз шабуылдарға қарсы қорғану тәсілдерін пысықтап, нұсқаушы құрамның кәсіби құзыреттерін жетілдірді. Сабақтарда қызметтік жағдайларға барынша жақындатылған практикалық жаттығуларға басымдық берілді.

Мұндай курстар ҚАЖ мекемелеріндегі нұсқаушы құрамды сапалы даярлауға және қызметкерлердің төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру