ҚАЖ психологтары – адам жанының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі психологиялық қызметтің маңызы жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.
25 желтоқсан — психология саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі психологтардың қызметі ерекше маңызға ие және үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ психологтары сотталғандардың психологиялық жай-күйін анықтап, суицидтің, агрессия мен жанжалдардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, олар қайта әлеуметтендіру процесіне қатысып, сотталғандардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Психологтар мекеме қызметкерлерімен де тығыз жұмыс істейді. Қызмет барысында туындайтын күйзеліс пен кәсіби шаршаудың алдын алу, моральдық-психологиялық тұрақтылықты сақтау — олардың негізгі міндеттерінің бірі.
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі психологтардың еңбегі көзге көрінбегенімен, оның нәтижесі мекемелердегі тәртіп пен тұрақтылықта айқын байқалады.
Психологтар күнімен сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, жауапты әрі маңызды қызметтеріне алғыс білдіреміз!
