Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерін салтанаты түрде зейнеткерлікке шығарып салды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде ұзақ жыл жемісті еңбек еткен әділет подполковнигі Омаров Бақытжан Батырбайұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Салтанатты шараны мекеме бастығы әділет подполковнигі Қалымбетов Тасболат Шакенұлы ашып, саламыздың дамуына үлесін қосқан, өзінен кейінгілерге жол бастаушы, үлгі болған Омаров Бақытжан Батырбайұлының кейінгі толқын жастарға үлгі боларлықтай көлемді игі істер атқарғанын ерекше атап өтті.

Қиындығы мен қызығы мол салада өзінің таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, сол салада адал еңбек ете жүріп, зейнеткерлікке шығу үлкен абырой.
Әділет подполковнигі Омаров Бақытжан Батырбайұлы мекеме бастығының орынбасары қызметіне дейінгі 19 жыл ғұмырын осы салаға арнады. Бақытжан Батырбайұлы 1996- 2000 жылдары аралығында ҚР ІІМ-нің Қостанай заң институтында оқып, еңбек жолын Қызылорда облыстық Полиция департаментінде жедел уәкілі лауазымынан бастап, 2003 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығынан мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін дейін көтерілді. Бақытжан Батырбайұлына тән қасиет- әділеттілік, қамқоршылдық, кішіпейілдік және жүктелген жұмысқа байыппен қарап, жас қызметкерлерге тәрбиелік мәнді жұмыстарын жүргізіп, сауатты шешім таба біледі.
Зейнетке шығарып салу кешінде мекеме басшылығы мен әріптестері Бақытжан Батырбайұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап, қылмыстық- атқару жүйесіне арнаған адал еңбегіне алғыс білдіріп, ілтипатты сөздер айтып, естелік сыйлық табыс етті.

Бүгінде Бақытжан Батырбайұлы – көпбалалы жастарға үлгі боларлық бақытты отбасылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру