ҚАЖ қызметкерлері балалар алаңында сенбілік өткізді
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесі тәртіп бөлімінің қызметкерлері шағын сенбілік ұйымдастырып, Половинка кентінде орналасқан балалар алаңын қалпына келтіріп,жөндеу жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көптен күткен жылудың келуімен ата-аналар балаларды алаңға ойнауға апарады. Ал онда сынған әткеншек, құмсыз аула, қоқыс. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері Половинка кентінің аулаларында орналасқан балалар алаңдарын қалпына келтірді. Қатаң тәртіптегі түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың арнайы қолдарымен жергілікті балаларға арналған әткеншек, төбешіктер жасалды.
– Балаларды қорғау күні мерекесіне орай біз осы жерде жаза өтеп жатсақ та, біз оларды қуантқымыз келеді және біз оларға жағымды істер жасауға шешім қабылдап, әткеншектер мен төбешіктер жасадық, – дейді сотталған Андрей Белов адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған және сотталған Анатолий Стрельцов қарақшылық пен тонау үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері балалар алаңының объектілерін: сырғанақ, құмсалғыш, турниктерді сырлады. Бояудан басқа қатысушылар алаңның ескі элементтерін ретке келтіріп, нығайтты. Сотталғандардың қолымен жасалған жаңа әткеншектер мен төбешіктер қойылды. Өйткені бұл аулада қызметкерлер мен жергілікті кенттің тұрғындарының балалары ойнайды.
– Мен жиырма төрт жыл тұрып жатқан және көрші балалармен бірге ойнаған менің туған аулам Половинка ауылында орналасқан,бұл аула маған өте қымбат,себебі бұл жерде менің қамқорлықсыз балалық шағымым өтті, – дейді мекеме қызметкері Айдар Сайлауханов,ол ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінде қызмет атқарады.
– Кентіміздің игілігі үшін игі істер акциясы мекеме қызметкерлері үшін дәстүрге айналды,сондай-ақ біздің балаларымыздың қауіпсіздігі-біздің акцияның басты мақсаты, – деп атап өтті мекеме басшысы Мақсат Сейтахметов.
Балалар алаңын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін жергілікті балалар өте риза болды және олардың ата-аналары қызметкерлерге және сотталғандарға осындай игі істері үшін үлкен алғыстарын білдірді.