ҚАЖД басшылығы соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерді құттықтады
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ардагерлерді құрметтеу – ҚАЖ жүйесінде дәстүрге айналған игі шаралардың бірі.
Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД басшылығы мен Алматы қаласы ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы, ішкі істер министрінің құттықтауын соғысқа қатысушыға теңестірілген ардагерге тапсырды.
ІІМ басшысы Ержан Сәденов өзінің құттықтау хатында Виктор Купраненковты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, ұзақ өмір тіледі.
– Өткен соғыстағы жеңіс – тарихи күн. Бұл мереке Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымызды қорғағандарға арналған. Біз Отанды қорғаған адамдардың ерлігі мен жанқиярлығын әрдайым есте ұстап, тағзым етуіміз міндет, – деп атап өтті ҚАЖ ардагері Ерғали Сағалбаев.