ҚАЖД қызметкері жеңіс тұғырынан көрінді
ҚАЖД қызметкері жеңіс тұғырынан көрінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бақ пен бап қатар сыналатын байрақты бәсекеде биіктен көріну – абырой. Жуырда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкерлері арасында самбо күресінен ХVIII чемпионат өткен.
Осы чемпионатқа Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 68 мекемесінің қызметкері Асхат Қожабеков қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бозкілемде қарсыластарымен белдесіп, табандылығымен өзінің мықтылығын дәлелдеп 1 орын иеленді.
– Қазіргі таңда ҚАЖ саласында антыма адал қызмет атқарып келемін. Қолым қалт еткенде жаттығу жасап, спортпен шұғылдануды да естен шығарған емеспін. Дзюдоға да қатысқанмын. Дода жайына келсек, қарсыластарым мықты болды. Бірақ мені алға жетелеген жеңіске деген талпынысым. Оған қоса, ұжымның қолдауы мен маған артқан сенімін сезінгенде қалайша осал болайын. Мекеме басшылығына алғыс білдіремін, - деді әділет қатарындағы Асхат Қожабеков.
ҚАЖД бастығы Шаймерден Есенкелдиев Көкшетаудан жеңіспен оралған мекеме қызметкерін арнайы қабылдап, құттықтады.