ҚАЖД қызметкерлері арасында ән байқауы өткізілді
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шараға дайындық шеңберінде ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту болып табылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқауға Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысып, олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сүйікті әндерін орындады.
Мысалы, ГМ-172/6 мекемесінің режим бөлімінің жедел уәкілі Сұлтан Мұздыбек «Үшқоңыр» әнін орындаса, ГМ-172/8 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы Тимур Кулбаев домбырамен «Беу айдай» әнін орындады. Сондай-ақ ГМ-172/10 мекемесінің арнайы бөлімінің бастығы Алмажай Битимова «Когда придет весна» әнін, ГМ-172/10 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Қуатжан Базарбаев «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.
Байқау қорытындысы бойынша ГМ-172/10 мекемесінің арнайы бөлімінің бастығы Алмажай Битимова І орынға ие болды. Қызметкерлер Департамент бастығының дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ байқау жеңімпазы А.Битимова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтетін республикалық онлайн байқауға қатысуға жолдама алды.