Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері балаларға сыйлықтар тарту етті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ұжымы Жаңа жыл қарсаңында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда «Атамекен» балалар ауылында 54 бала тұрады. Олардың жас шамалары 3-18 жас аралығында.

Департамент бастығының орынбасары Жүніс Өтегенұлы  балаларды ұжымның атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,  54 балаға тәтті сыйлықтар тарту етті.

– «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген дана халқымыз.  Шынымен де, бала қуанышы – бәрінен қымбат. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін жағдайдың бәрін жасауымыз қажет. Бұл балалар келешекте мемлекетіміздің мерейін асқақтататын азамат болатынына  сенемін, –  деді  Жүніс Өтегенұлы.

Өз кезегінде балалар ауылының директоры бүлдіршіндердің атынан Департамент басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Айта кетерлік жайт, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде дәстүрге айналған бұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру