ҚАЖД қызметкерлері марапатталды
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД басшылығы әріптестерін айтулы мереке – еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. ҚАЖД мерекелік іс-шарасы Талдықорған қаласынының Б. Римова атындағы драма театрында өтті.
Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы, кеңес мүшелері мен ардагерлері қатысты. Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясы мен №18 орта мектептің жас кадеттері шақырылды.
Мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай ҚАЖД мен ведомстволық бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
– Біздің басты құндылығымыз — өз еңбегімен, тарих пен дәстүрге деген құрметімен туған жерін дәріптейтін адамдар.
Бүгінде бостандық пен жеңіс рухын бойына сіңірген, өзінің шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен, игі істерімен облысты, Қазақстанымызды дәріптейтін жаңа ұрпақ өсіп келеді. Іс-шараға жас кадеттер шақырылды, өйткені уақыт өте келе оларда ант қабылдап, офицер атанады.
Біздің өңіріміздің дамуы және мемлекеттің тәуелсіздігі сіздердің табысыңыз бен өркендеуіңіздің сенімді кепілі болады. Сіздерге сәттілік, мықты денсаулық және болашаққа сенім тілейміз, – деді өңірлік ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.