Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне орай Туды көтеріп, Әнұран орындады

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күніне орай Туды көтеріп, Әнұран орындады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелерде патриоттық рухтағы салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күннің мән-маңызын айқындай түскен рәсімде еліміздің басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұран ұлықталды.

Мекемелердің аумағында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтіп, қызметкерлер сап түзеп, Әнұранды бір дауыспен шырқап, отансүйгіштік пен бірлік сезімін паш етті. Бұл шара ҚАЖД ұжымының мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен адалдығын айқын көрсетті.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері — егемендіктің айшықты көрінісі, халықтың рухын көтеретін, бірлік пен болашаққа деген сенімді білдіретін қасиетті белгілер. Осы орайда қызметкерлер арасында патриоттық дәрістер, танымдық кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп, рәміздердің тарихи және құқықтық маңызы кеңінен түсіндірілді.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету — әрбір азаматтың парызы. Бұл күні ҚАЖД қызметкерлері өздерінің ел алдындағы борышына адал екендерін тағы бір мәрте дәлелдеп, үлгілі ұйымшылдық пен патриоттық рухтың биіктігін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру