ҚАЖД қызметкерлері Тәуелсіздік күнін атап өтті
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға Департамент басшылығы, ҚАЖ саласының ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Шара барысында Департамент бастығы жеке құрамды еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтады.
Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылып, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды.
Бұдан басқа ҚАЖД бір қызметкері Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың алғыс хатымен марапатталды.
Департамент бастығы Ш.Есенкелдиев қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің 25 сарбазына грамоталар тапсырды.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қонақтарға қазақ елінің тарихы туралы бейнебаян көрсетілді.