Қажетті шаралар қабылдануда
Ішкі істер органдары еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төтенше жағдай кезеңінде жеке қорғаныс құралдарын заңсыз сатуға жол бермеу бойынша шаралар қабылданып келеді. 2 млн.медициналық масканы, 12 мың литр дезинфекциялық өнімді және 4 мың қорғаныс костюмдерін жоғары бағамен сатудың 28 фактісі анықталды.
Жеке құрамның денсаулығын сақтау және қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Барлық бөлімшелерде медициналық-профилактикалық бақылау ұйымдастырылды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тігін цехтарында маскалар өндірісі іске қосылды, Бүгінде 1 млн.дана дайындалды. Бұдан басқа, карантиндік іс-шараларға қатысатын жеке құрам үшін арнайы костюмдер тігу өндірісі басталды. 599 жиынтық тігілді.
Аталған шаралар біздің қызметкерлерімізді қорғау құралдарымен толықтай қамтамасыз етуге, сондай-ақ сотталғандарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді.
Президенттің Жарлығына сәйкес коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға тартылған ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен ІІМ медициналық мекемелерінің медицина қызметкерлері бір айлық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақылармен ынталандырылатын болады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Ішкі істер органдары еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.