Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қажеттіліксіз қоғамдық орында жүргендер

Солтүстік Қазақстан облысында карантин кезінде ТЖ режимін бұзған 93 адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Екі аптаның ішінде қажеттіліксіз қоғамдық орында болған 168 адам төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қабылданып жатқан шаралар мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, бұзушылықтың орын алуы жалғасуда. Көбіне, дүкендер, дәріханалар мен басқа да ұйымдар жабылғанғаннан кейін, кешкі уақытта жүрген құқық бұзушылар да кездеседі.

Петропавл қаласының көшелеріндегі автокөлік қозғалысы күндізге қарағанда азайғанымен, әлі де қозғалыс жалғасуда. Көбінесе, бұл уақытта такси, жеткізу қызметінің жүргізушілері, жұмыста кідіргендер жүреді. Патрульдік полиция қызметкерлері көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексереді, құжаттары дұрыс болған адамдарға сәт сапар тілеп, өз жұмыстарын одан ары жалғастырады.

Полицейлер кешкі сағат 10-да тоқтатқан шетелдік көліктің жүргізушісінде құжаттары дұрыс болғанымен, оның жолаушыларының ешқайсысында жеке басын куәландыратын құжат, қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат беретін қандай да бір анықтама жоқ болып шықты. Түнгі уақытта екі жас жігіт қонақтан келе жатқаны белгілі болды. Жұмыстан кейін қонаққа барғандарын айтады. Оларда жұмыс орнынан берілген анықтама болмаған. Барлық мән-жайды анықтау үшін қалалықтар аймақтық полиция пунктіне баруына тура келді. Оларға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік материал жиналды.

«Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин кезеңінде көршілерге, таныстарға, туыстарға және әріптестерге баруға тыйым салынады. Фактілерден көрініп отырғандай, кейбір азаматтар кешкі уақытта такси қызметін пайдаланып, бұл талапты елемейді», – дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Барлығы екі аптаның ішінде төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Солтүстік Қазақстан облысында өзін-өзі оқшаулау қажеттілігін елемеген 168 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 93-іне айыппұл салынды, 13-і қамауға алынды, ал қалған материалдар сотта қаралуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру