ҚАЖК төрағасының орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары Дамир Тайжанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Дамир Тайжанов өңірге жасаған жұмыс сапары барысында алдымен ҚАЖ мекемелерін, ондағы тұрғын үй-жайларды, асханаларды, өндірістік аймақтарды, сондай-ақ медициналық бөлімдерді аралап шықты.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекеменің өндірістік аймағында 13 жеке кәсіпкер өз кәсібін ашқан. Атап айтар болсақ, тротурар плиталары, құм блогы, газоблок, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары және гипстен жасалған ойыншықтар шығарылады. Сонымен қатар, тігін цехында мұнай-газ өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы киімдер тігілуде.
Мекемелерді аралау барысында тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың арыз-шағымдарын, өтініштерін саусақ таңбасының көмегімен өкілетті органға жөнелтілетін электронды терминалдардың жұмыс барысымен танысып, бейнебақылау жүйелерімен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударып, сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының сақталуы жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, жауаптыларға сотталғандар еңбек ететін жұмыс орындарын құру үшін жеке кәсіпкерлерді мекеменің өндірістік аймағына тарту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, Д. Тайжанов арнайы контингенттің өтініштері мен арыздарын беру үшін арналған терминалдардың жұмысын тексерді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Д. Тайжанов өңірлік ҚАЖ департаментінің басшылығымен және жеке құрам қызметшілерімен кездесу өткізіп, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, мекемелерде жаппай бейнебақылау орнату, сотталғандардың ұстау режимін қолдау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауға ерекше назар аударылды.