Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрт ауданында ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды

Қазығұрт ауданында ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақ халқында «үлкенге-ізет, кішіге-құрмет» деген аталы сөз бар. Бұл сөздің түбіне терең бойлайтын болсақ, жасына қарамастан адамдар арасында әдемі сыйластықтың орнауы заңдылық екенін ұғынуға болады. Елімізде осы ақсақалдарымызға деген сый-құрметтің орны ерекше. Түркістан облысы Полиция департаментінің бөлімдері мен басқармаларында ардагерлерге деген патшадай құрмет ешуақытта толастамақ емес. Өйткені «қарты бар елдің, қазынасы бар» емес пе?! Қазыналы қарттарын сыйлаған Қазығұрт АПБ ұжымының еңбектері елеулі! Себебі ардагерлерді ұлықтауға арналған іс-шаралардың бірі 2020 жылдың 15-желтоқсанда Арыс қалалық полиция бөлімінде болып өтті.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ардагерлер мен жеке құрам қызметкерлерін өз міндеттерін жоғары дәрежеде орындағандары үшін марапаттады. Атап айтсақ, Ішкі істер органдары қызметтерінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған төрт ардагерді марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қазығұрт ауданының жеке құрам қызметкерлерінің 11-і марапатталды.

Өз кезегінде марапат алған ардагерлер ТО ПД-не үлкен алғысын білдіріп: – Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты азатсүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!, – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру