Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта 8 бас жылқыны талан-таражға салған бақташы қамауға алынды

Қазығұртта сегіз бас жылқыны талан-таражға салған бақташы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына сегіз бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 2,5 млн теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде, күдікті жас жігіт анықталды. Сезікті ер адам жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс жасаған. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру