Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта үйінде есірткі өсірген тұрғын анықталды

Қазығұртта үйінде есірткі өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданында үйінде есірткі затын өсіруі мүмкін тұрғын туралы хабарлама түсті. Осы бойынша Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Тұрғынның үйін тінту барысында, оның ауласынан тыйым салынған есірткі егілгені анықталды. Нәтижесінде айғақты зат ретінде екі түп өсімдік тәркіленіп алынды. Өсімдікке сараптама тағайындалып, марихуана екені нақтыланды. Тергеу барысында күдікті тұрғынның бұрында есірткі сақтағаны үшін де сотты болғаны анықталды. 

Аталған факт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру