Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта үш жігіт техника дүкеніне ұрлыққа түскен

Қазығұртта үш жігіт техника дүкеніне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, алты телефон, үш ноутбук пен оның екі дискісін жымқырғандарын анықтады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды.

Соның нәтижесінде, ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде үш ер азамат анықталды. Яғни, күдікті үшеу қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезеден кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырған.

Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған барлық техникалық заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталғандар қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру