Қазығұртта жылқышы бір үйір жылқыны талан-таражға салған
Қазығұртта жылқышы бір үйір жылқыны талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына бағу үшін 12 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда жылқышы оларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 4 млн теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің малын сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.