Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен жігітті анықтады

Қазығұрттық полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен 22 жастағы азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, тұрғын үйіне белгісіз біреулер түнгі уақытта ұрлыққа түскенін хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, оның жатын бөлмесінде ілулі тұрған теледидар мен тв тюнерін ұрлап кеткенін көрсеткен.Аталған жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Үйге ұрлыққа түскен ұрыларды ұстау мақсатында, аудандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алады. Тыңғылықты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, тұрғын үйінен ұстады. Олар бір-біріне көрші болып келетін жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті көршісінің үйінде жоқтығын пайдаланып, оңай жолмен ақша таппақ болған. Осылайша азамат ұрлыққа түсіп, тұрмыстық техникаларды алып кеткен. Мұнымен қоймай күдікті ұрланған заттарды ломбардтардың біріне арзан бағаға сатып жіберген. Сонымен қатар күдіктінің бұрын «Мал ұрлығы» бойынша сотты болғаны белгілі болды. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұрланған заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылық болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерін мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз. Ұрлық болған жағдайда, жедел түрде «102» телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру