Қиын жолдағы қызмет: Абай облысындағы полицейдің бір күні
Абай облысының қытымыр ауа-райында тас жолдардың қатаң тәртібін күзетіп жүрген тәртіп сақшысы Мерхат Берекбулов пен оның командасы үшін әр күн – адамдардың өмірін сақтап қалудың жаңа сынағы. Полицейдің қызметі жай ғана патруль жүргізуден тұрмайды. Ол – қауіпті аймақтарды бақылап, ауа райының күрт өзгерістеріне дайын болып және әрбір шақыртуда адам өмірі үшін күреседі. Тәртіп сақшысының қызметі жайлы Polisia.kz сайты толығырақ баяндап береді.
Мерхат Берекбулов таңғы уақыты бір шыныаяқ кофемен емес, есептерді мұқият талдап, жол карталарын және ауа райы болжамын зерттеуден басталады. Ол Абай облысының желді де салқын тас жолдарының тәртібін күзететін патрульдік полиция ротасының басшысы. Бұл өңірдің қысы қатал, боранды болғандықтан, әрбір деталь үлкен мәнге ие.
Таңертеңгі нұсқаулық жиналысында Мерхат өз командасына негізгі басымдықтарды анықтап түсіндіреді: қауіпті учаскелерде патрульдік бақылауды күшейту, ауа райының кез келген сәтте өзгеруіне дайын болу және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын қатаң қадағалау. Әсіресе жолдар жабылған жағдайда, әрбір әрекет аса мұқияттылықты талап етеді. Рота басшысы тек тапсырмалар беріп қана қоймай, әріптестеріне жауапкершіліктің маңыздылығын еске салатын өмірлік мысалдар айтып отырады. Оның тәжірибесі мол, әр экипаж жолға шыққанда, олардың кез келген уақытта тәуекелге барып, өзгенің өмірін құтқаруға дайын екенін біледі.
Қатаң, бірақ әділ басшы ретінде танылған Мерхат ауыл жолдарында әр шақырту адам өмірінің құндылығын білдіретінін терең түсінеді. Бірде ол инспектор болып қызмет атқарып жүргенде, қауіпсіздік белдігін тақпаған қарт жүргізушіге айыппұл салғанын еске алады. Жүргізуші бастапқыда наразылық танытқанымен, айыппұл жазылып, оқиға аяқталған. Алайда арада біраз уақыт өткенде, қыстың боранды күнінде сол адамды эвакуатор көлігінде қайта көрген. Бұл жолы ол қауіпсіздік белдігін таққан, сол себепті ауыр жарақаттан аман қалған. Жүргізуші полицейге принципшілдігі үшін шын жүректен алғыс айтқан. Бұл оқиға Мерхат Берікұловқа тәртіп пен сақтықтың, ең ұсақ деген ереженің өзі өмірге тікелей әсер ететінін еске салған.
Мерхат Берекбулов үшін әр күн – жолдарда тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа сынағы. Кешкісін ол күнді қорытындылап, оқиғаларды саралап, ертеңге жоспар құрады. Оның басты мақсаты айқын: жолға шыққан әр адам аман-есен үйіне оралуы тиіс. Бұл мақсат – оның және командасының еңбегінің маңыздылығын растайтын үлкен миссия. Мерхат Берекбулов пен оның әріптестері адамдардың өздерін қауіпсіз сезінуі үшін аянбай еңбек етеді.