Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғам тыныштығы жолындағы жауапты қызмет

Қоғам тыныштығы жолындағы жауапты қызмет атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторының бір күні жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

Астана қаласы Сарайшық ауданының учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Боранбайұлының жұмыс күні таңертең қызметтік нұсқаулықтан басталады. Күнделікті жиында түнгі уақытта тіркелген оқиғалар талқыланып, атқарылатын міндеттер айқындалады.

Одан кейін учаскелік полиция инспекторы өзіне бекітілген әкімшілік аумақты аралап, тұрғындармен тығыз байланыс орнатады. Көпқабатты үйлердің аулаларын, сауда орындарын, әлеуметтік нысандарды тексеріп, қоғамдық тәртіптің сақталуына назар аударады.

Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдап, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Күн барысында Нұрлан Боранбайұлы профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, құқық бұзушылыққа бейім тұлғалармен жеке әңгіме өткізеді.

Сондай-ақ, мектептер мен мекемелерде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіреді. Жұмыс күнінің соңында атқарылған іс-шаралар бойынша есеп беріліп, келесі күнге жоспар құрылады. Учаскелік полиция инспекторының бір күндік жұмысы – бұл халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жауапты әрі маңызды қызмет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру