Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн форматта өтті, оған  Қарағанды облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы Zoom платформасы арқылы онлайн режимде өткізіліп, оған Қарағанды облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы қатысты Отырыста үй жануарларын ұстау ережелерінің орындалу барысы талқыланды.

Қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес биылғы жылдың наурыз айында Қарағанды облысында жергілікті өкілетті органдар иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережесін әзірлеп, бекітті. Ережеде үй жануарлары иелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қарастырылған.

Іс жүзінде бекітілген ережелерді бұзу деректері анықталуда. Соның салдарынан елді мекендердің абаттандырылуы мен санитарлық жағдайына зиян келтіріледі, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді.

Қарағанды облысында жыл басынан бері үй жануарлары иелерінің үй жануарларын ұстау ережелерін, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) 
бойынша 7 891 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 333 азаматқа әкімшілік соттың шешімімен жалпы сомасы үш миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

- Учаскелік полиция қызметкерлері жиналыстар мен есеп беру кездесулерінде қолданыстағы заңнама талаптарын, оның ішінде қабылданған ережелерді түсіндіреді. Сонымен қатар олар қазір карантин жағдайында "WhatsApp" платформасында әр учаскенің ең белсенді тұрғындармен және ПИK төрағаларымен тұрақты байланыста. Үй жануарларын ұстауға қатысты сұрақтар туындаған кезде учаскелік полицейлер жедел түрде шаралар қабылдап, түсініктемелер береді, - деді Қарағанды облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Арман Оразбаев.

Полиция қызметкерлері азаматтарға кез-келген жануарды үй жағдайында ұстау олардың көршілері мен басқа тұрғындарға  қолайсыздықтар тудырмауы керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру