Қоғамдық орында итін тұмылдырықсыз алып жүрген павлодарлық азамат жауапқа тартылды
Қоғамдық орында итін тұмылдырықсыз алып жүрген павлодарлық азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ит иелері үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін сақтауы керек және олардың үй жануарлары басқаларға қауіп төндіретінін есте ұстауы керек.
– Мәселен, Павлодар қаласында полицияға қала тұрғыны үлкен итті тұмылдырықсыз серуендететін, сол арқылы өтіп бара жатқан адамдарды қорқытатын адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрап шағымданды. Учаскелік полиция инспекторы ит иесін анықтады. Иттің иесі оның кавказдық овчаркасы жуас екенін, ешкімге тиіспейтінін айтып ақталды. Үй жануарларын серуендетуді бұзғаны үшін қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
2024 жылдың басынан бастап 1630 павлодарлық мысықтар мен иттерді ұстау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Ережеге сәйкес иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің учаскелерінде, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, серуендетуге тыйым салынады.
– Егер жануар кіреберістерде, баспалдақтарда, спорт алаңдарында, ойын алаңдарында, көгалдарда, тротуарларда, саябақтар мен алаңдарда нәжіс қалдырса, оларды иттер мен мысықтардың иесі тазалайды. Сонымен қатар иелері иттерді қоғамдық орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз алып жүруіне тыйым салынады, – деп еске салды полиция департаменті.