Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында қорқор шеккен екі тұрғынға айыппұл салынды

Талдықорған қаласындағы қоғамдық орында қорқор шеккен екі тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында облыс орталығындағы қоғамдық орындардың бірінде түнгі уақытта екі азаматтың кальян шегіп отырғанын анықтаған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары қос азаматқа да тыйым салынған орында темекі бұйымдарын, оның ішінде қорқорға арналған темекіні тұтынғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

– Жергілікті блогерлердің бірінің парақшасында қаламыздың көрікті жерлерінің бірінде жігіт пен қыздың кальян шегіп отырғаны туралы ақпарат шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша аталған орынға жедел жеткен тәртіп сақшылары 18 жастағы жігіт пен 21 жастағы бойжеткенге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 441-бабына сәйкес хаттама толтырды, – деп атап өтті Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.


Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және коронавирус індетінің жаппай таралуына байланысты санитарлық қорғану нормаларын да қатаң ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру