Қоғамдық қауіпсіздік және цифрландыру: СҚО ПД бастығы тұрғындармен кездесті
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өзге мемлекеттік орган жетекшілерімен бірге облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өткізген Бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бағыты бойынша алты сұрақ түсті. Петропавлдағы меншік иелері бірлестіктерінің бірінің төрағасы үй маңында орналасқан ойын-сауық орнына жақын аумаққа интеллектуалды бейнебақылау жүйесін орнатуды және түнгі уақытта полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыруды сұрады. Қабдұлдинов бұл мәселенің техникалық мүмкіндігін зерделеуді тиісті бөлімшелерге тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық жүйелерді кеңінен енгізу — заманауи қазақстандық полицияның басым бағыттарының бірі.
Сонымен қатар қылмыстық істер, ірі көлемдегі қоқыс қалдықтарын шығару, тұрақ ережелерінің бұзылуы бойынша да өтініш түсті.
Азаматтармен тікелей диалог — Қазақстан полициясының ашық ведомство ретінде қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Биылғы жылдың басынан бері Айдын Қабдұлдинов 57 азаматты жеке қабылдады. СҚО ПД және облыстық полицияның аумақтық бөлімшелері азаматтарды тұрақты түрде қабылдауды жалғастыруда.

