Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық қауіпсіздіктің тірегі – полиция батальоны инспекторының бір күні

Ақтөбе – күн сайын қозғалыстағы қала. Таң атқанда көшелерге өмір қайта оралады. Осы қалыпты тіршіліктің қауіпсіз өтуі үшін көзге көп көріне бермейтін, бірақ аса маңызды қызмет атқаратын жандар бар. Солардың бірі – Ақтөбе қаласы полиция батальонының қызмет инспекторы Сержан Бает.

Сержан 2017–2021 жылдары М.Есболатов атындағы Алматы академиясында білім алып, ішкі істер саласындағы кәсіби жолын сол жерден бастады. Алғашқы қызметін 2021 жылы №2 қалалық полиция бөлімінде жедел уәкіл ретінде жалғастырып, сол салада шыңдалды. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе қаласы полиция батальонында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарып келеді.

Қаланың әр көшесі, әр ауласы – жауапкершілік аймағы. Қоғамдық тәртіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі, тұрғындардың тыныштығы – бәрі бір күннің ішінде орындалуы тиіс міндеттер.
Әр ауысымда әртүрлі жағдай кездеседі. Кейде жол ережесін бұзған жүргізушімен түсіндіру жұмысы жүргізілсе, кейде тұрмыстық жанжалдың алдын алу қажет болады. Ал кейбір сәттерде қарапайым көмектің өзі – үлкен сенімге айналады.

– Кейде біздің жұмысымызды ерлікке балап жатады. Бірақ мен оны күнделікті міндет деп қабылдаймын, – дейді Сержан Асқарұлы.

Қызмет барысында әрдайым ойында тұратын басты құндылық – отбасындағы амандық пен қала тұрғындарының қауіпсіздігі. Бала кезден полиция формасына қызығып өскен арман бүгінде нақты іске, халыққа қызмет ету жолына айналған.

Күн батқанда қала біртіндеп тынышталады. Алайда полиция үшін қызмет аяқталмайды. Түнгі кезекшілік – тәртіп пен қауіпсіздіктің тағы бір маңызды бөлігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру