Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық тәртіп – ортақ іс: тұрғындар мен тәртіп сақшыларының бірлігі

Қостанайлық зейнеткер көршілерін біріктіріп, полициямен бірлесіп тәртіп орнатты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының 61 жастағы тұрғыны Гүлнар Амированың бастамасы — бүкіл үйдің өмірін өзгерте алатынының жарқын үлгісі. Зейнетке шыққанына бір жыл ғана уақыт болғанына қарамастан, бұрынғы кәсіпкер жүздеген адамның жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды іске бел шеше кіріскен.

2022 жылдан бері ол Лермонтов көшесіндегі 500-ге жуық адам тұратын көпқабатты үйдің мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрайымы болып қызмет етеді. Бұл жауапты қызметке оны тұрғындар өздері ұсынған.

— Келісейін бе, жоқ па деп ұзақ ойландым. Алайда  айналаңда тәртіп болсын десең — жауапкершілікті өзіңе алу керек, — дейді Амирова.

Оның басшылығымен үй адам танымастай өзгерген. Екі жылдың ішінде үйдің қасбеті жаңартылып, кәріз жүйесі жөнделді, кіреберістер ретке келтірілді: қабырғалар боялды, жарық шамдары ауыстырылды, линолеум төселді. Кіреберіс есігі жөнделіп, домофон орнатылды.

—3 бейнебақылау камерасын орнаттық. Қауіпсіздік — ең бастысы, — деп атап өтті ол.

Үй чатының құрылуы тұрғындарға барлық күнделікті мәселені — тазалықтан бастап қоқыс шығаруға дейін — онлайн талқылауға мүмкіндік берді. Велосипедтерді сақтау мен қоқыс шығарудың нақты тәртібі қалыптасты. Тәртіпті  бәрі қадағалайды, алайда бастама иесі — бір адам.

МИБ төрайымы учаскелік полиция пунктімен тығыз жұмыс істеуді ерекше мақтанышпен айтады. Гүлнар Амированың айтуынша, бұрын ескерту айтылса, тұрғындар оны ашумен  қабылдайтын. Қазір бәрі байыпты әрі саналы түрде қарайды.

— Кешкісін сағат 2-ге дейін кезекші секілді боламыз. Камералар бар, бәріміз бір-бірімізді танимыз. Қажет жағдайда бірден 102-ге хабарласамыз. Полиция тез келеді, өзара байланысымыз өте нәтижелі болды, — дейді МИБ төрайымы.

Күрделі көршілер және алдын алу

Полицияның аға учаскелік инспекторы Серғазы Жиембаевтың айтуынша, бұл үйде ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 15 адам бар. Алайда МИБ төрайымымен бірлесе отырып, тиімді алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Тәулік бойы бірлесіп жұмыс істейміз. Ол кісіден хабар түссе — бірден жетеміз. Заң бұзушыларға дереу шара қолданамыз, — дейді полицей.

Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Булат Иманов құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі белсенді жұмысы үшін Амироваға алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті. Ол нақты қауіпсіздік осындай жауапты азаматтардан басталатынын атап өтті.

— Заң мен тәртіп — әрқайсымыздан басталады. Осындай бейжай қарамайтын жандардың бары қуантады, — деді ол.

Жеке өмірінде қиындықтар болғанына қарамастан Гүлнар ағасымен бірге қамқоршы — ол үй шаруасына да, қоғамдық жұмысқа да уақыт табады.

МИБ төрағасының жұмысы көп жағдайда көзге көрінбесе де, маңызы зор. Осындай азаматтардың арқасында көпқабатты үйлер тек таза әрі жайлы ғана емес, қауіпсіз болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру