Қоғамдық жұмысқа тартылған семейлікпен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр
Қоғамдық жұмысқа тартылған семейлікпен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр, — дейді Polisia.kz.
Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны серуендеу кезінде танысын кездестіріп, онымен жанжалдасып қалған. Даудың себебі – шалғайдағы сын. Оның атына әдепсіз балағат сөздерді естіген ер адам қарсыласының бетінен бірнеше рет ұрып, дене жарақатын алып, төрт тісін сындырған.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылған.
Қазіргі таңда Семей қалсының Әуезов аудандық пробация қызметінің есебіне алынып, онымен түсіндірме және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қоғамдық жұмыстарды өтеу үшін Семей қаласының “Теплокоммунэнерго” мекемесіне жіберілді. Ер адамның айтуы бойынша жасаған қылмысына өкініш білдіреді, іс-әрекеттеріне ие болу керек екенін, асырап отырған отбасына жауапты екенін айтып жеткізді.
— Қоғамдық жұмыстарға тартылған ер адамға пробация қызметімен заң талаптарын және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, — дейді Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметінің бастығының орынбасары Ерик Усербаев.