Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қолайсыз ауа райы: СҚО-да полицейлер 600-ден астам көлікке жол көрсетті

СҚО-да полицейлер 600-ден астам көлікке жол көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Боранға байланысты Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды. Жексенбі күні кешке автожолдарда қозғалыс тек полиция ұйымдастырған колонналармен ашылды.

Әр жүргізушіге егжей-тегжейлі нұсқаулық берілді. Жылдамдықты сағатына 80 шақырым деңгейінде сақтау, сапты бұзбау, басып озбау керегі түсіндірілді. Колоннаның алдында және соңында патрульдік автокөліктер жүрді.

Тәртіп сақшылары колонналарды өз учаскелерінің шекарасына дейін алып жүріп, кейін оларды келесі экипаждарға тапсырды. Облыс шекарасында жүргізушілерді көршілес өңірлердегі әріптестер қабылдап алды.

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні полицейлер СҚО аумағында 600-ден астам жеңіл автокөлікті алып жүрді. Қолайсыз ауа райы кезеңінде республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Бұл жұмыс дүйсенбі күні таңертең де жалғасты. Жол қауіпсіздігі мәселесі облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру