Қолөнер шеберлігін меңгерген тәртіп сақшысы
Қолөнер шеберлігін меңгерген тәртіп сақшысы қызығушылығымен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды.
Ал біздің кейіпкеріміз түрлі киім-кешек тігуді дәстүрге айналдырған Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ Жедел криминалистикалық бөлімінің криминалисті Айгүл Жақсыбаева. Ол жұмыстан қолы босай қалса, қолына ине жібін алып, тігін тігумен айналысады.
Айгүл тігін тігумен дүниеге перзентін алып келгеннен кейін ғана қызыққан. Нәзік жанды полицей күн сайын жұмыс барысында түрлі жағдайлармен бетпе-бет кездесетінін, қарбаласқа толы жұмыс күнінен кейінгі бір мезгілді қолөнер бұйымдарын тігуге арнайтынын айтты. Бұл қызығушылық оның ойын бөліп, шаршағанын басады.
Он саусағынан өнер тамған шеберіміз отбасылық қуаныштарға өзіне де жақындарына да түрлі көйлектер тігіп береді. Жақын жандарын қуантудыда ұмытпайды. Әртүрлі қазақи нақыштағы сөмкелер, қобдишалар тігіп сыйлық жасайды. Көздің жауын алатын түрлі бұйымдарды да тігуді жақсы көреді.
Айгүл Бақдәулетқызы жыл сайын жеті түрлі дәмнен наурыз көже мен ұлттық тағамдар пісіріп Наурыз мерекесін қарсы алады.