Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам құрықталды

Қонаевта психотропты есірткі затын тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қонаев қаласының полиция қызметкерлері түнгі патрульдеу кезінде Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатты. Көлікті басқарған 28 жастағы ер адамның күмәнді әрекеттері полицейлердің назарын аударып, көлікке тексеру жүргізілді.

– Тексеру кезінде автокөлік салонынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакеті табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,28 грамм болатын психотроптық есірткі Alfa-PVP екені анықталды, – деп мәлімдеді полицейлер.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция психотроптық заттар есірткінің ауыр түрлеріне жататынын, адам ағзасына зиянды әсер ететінін және қоғам денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру