Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қонаевта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған форум өтті

Қонаев атындағы қалалық мәдениет үйінде қаржылық сауаттылық күні аясында “AFM ONLINE 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггері” атты форум өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараға әкімдік, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері мен блогерлер қатысты.

Форумның мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, қаржылық пирамидалардың, заңсыз криптографиялық платформалардың, краудфандинг белгілерін түсіндіру, сондай-ақ азаматтардың қылмыстық схемаларға тартылуының алдын алу. Құттықтау сөзімен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыс бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің басшысы Данияр Ақжанов сөз сөйлеп, қаржылық қауіптерден қорғау мәселелері бойынша үкімет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына тоқталды.

– Форумға қатысушылар азаматтарды дроперлік схемалар мен қаржылық пирамидаларға тарту тетіктерін нақты көрсететін тақырыптық бейнероликтерді тамашалады. Форумда жалған компаниялардың қызметі құрбанының шынайы тарихы көрсетілді, бұл қатысушыларға нақты тәуекелдер мен салдарын бағалауға мүмкіндік берді, - деп атап өтті полиция өкілдері. 

Кибералаяқтықтың заманауи түрлеріне ерекше назар аударылды. Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының өкілі дипфейк, фишинг сайттары және банк деректерін ұрлау схемалары түріндегі жаңа қауіптерге егжей-тегжейлі тоқталды. Қатысушыларға жеке қаражатты және интернеттегі деректерді қорғау бойынша қарапайым және қолжетімді ұсыныстар айтылды.

Форум соңында қатысушылар халық арасында тұрақты қаржылық мәдениет пен цифрлық қауіпсіздікті қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалардың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру