Қонақ үйге келіп, ұрлық жасаған астаналық ер адам ұсталды
Астана қаласы Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында ер адам қаланың оң жақ жағалауында орналасқан қонақүйлердің біріне келгені белгілі болды.
Түнгі уақытта қаскүнем қылмыстық ниетпен қонақүйдің қызметтік бөлмесіне заңсыз кіріп, ешкім жоқ сәтті пайдаланып, сөмкеден 31 мың теңге көлемінде қолма-қол ақша мен алтын алқаны алып кеткен.
Жалпы келтірілген материладық шығын 281 мың теңге көлемінде бағаланды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.