Қоқыс контейнерін ұрлаған екеу ұсталды
Қарағанды қаласының екі тұрғыны қоқыс контейнерін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қарашада Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің наряды қала көшелерінің бірінде қызмет атқару кезінде металл қоқыс контейнерін сүйретіп бара жатқан екі азаматты байқаған.
Аталған екеудің әрекеттері күдік тудырып, патрульдік полиция қызметкерлері 35 және 42 жастағы екі азаматты тоқтатқан.
Тексеру кезінде олардан ішімдіктің исі шығып тұрған, медициналық куәландыру нәтижесінде азаматтардың мас күйде екендігі анықталды.
Олардың мас күйінде темір контейнерді металл қабылдайтын орынға тапсыру үшін ұрлап әкеткені белгілі болды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.