Қоқысты дұрыс тастамайтын тұрғындарға айыппұл салынады
Павлодар облысында 20 АЕК айыппұл қоқыс тастауды үйренбеген тәртіп бұзушыларды күтіп тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері қалада қоқыс тастайтын жерлерді анықтайтынын хабарлады. Бұл әкімшілік учаскені полиция инспекторымен аралап шыққан кезде, жергілікті-рейд жүргізген кезде тексереді, сондай-ақ «102» пультіне немқұрайлы емес тұрғындар хабарлайды.
Хабарламада айтылғандай, тек ұйымдар ғана емес, сондай-ақ пәтерді немесе үйді жөндеуді жүзеге асыратын тұрғындар да тәртіп бұзады.
Қалада үнемі өтетін жаппай сенбіліктерге қарамастан, аулалар мінсіз емес. Көп жағдайда шағын аудандардағы контейнерлік тұрақтардың айналасындағы аумақ қоқыс үйінділерінің астында болады. Құрылыс қоқысы, тамақ қалдықтары, шөлмектер, целлофан пакеттері және осының барлығы жартылай бос контейнерлік бактардан бірнеше метрде жатады. Жөндеу жұмыстарынан кейін ескі жиҺазды тастайтын қала тұрғындарының жауапсыздығы жағдайдыодан әрі ушықтырады.
Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ескерту немесе жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салады.