Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қорғау»: атыраулық полицейлер сақтандыру құжатынсыз жүрген 164 көлікті анықтады

Атыраулық полицейлер сақтандыру құжатынсыз жүрген 164 көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін әзірленген “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны қолданысқа енгізген сәттен бастап қала жолдарында құқық бұзушылық жасаған 200-ден астам автокөлікті анықтады.

Сонымен қатар, сақтандыру құжатынсыз жүрген 164 көлік тіркелді. Оның 100-ге жуығы шетелде тіркелген автокөлік иелері.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру