Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Қорғау – Қауіпті жүргізуші" мобильді қосымшасы жол қозғалысы ережесін бұзғандарды жедел анықтайды

Атырауда төленбеген 7 айыппұлы бар көлік айыптұраққа қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында жол жүрісі ережелерін елемеу мен қайталанған құқық бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне себеп болуда. Қазіргі таңда полицейлердің сенімді көмекшісіне айналған "Қорғау – Қауіпті жүргізуші" мобильді қосымшасы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған әрі айыппұл төлеуден жалтарған азаматтарды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

5 қыркүйек күні жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары аталған қосымша арқылы Toyota Highlander автокөлігін тіркеп, патрульдік полицияға бағыттама жіберді. Тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген жеті айыппұлы бар екені белгілі болды. Нәтижесінде көлік арнаулы тұраққа қойылды.

Полицейлер жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды уақытылы төлеудің маңыздылығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру