Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қорғау – қауіпті жүргізуші»: Түркістан облысында айыппұлын төлемеген 7 жүргізуші анықталды

Түркістан облысында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 7 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауы бойынша «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Бұл бағдарламада «Сергек» жүйесі, Жедел басқару орталығының базасы және полиция қызметкерлерінің планшеттері біріктірілген. Осы арқылы нақты уақыт аралығында жол ережесін қасақана бұзушыларды жауапқа тартуға мүмкіндік бар.

Мысалы, Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде осы бағдарламаның көмегімен екі сағат ішінде 7 автокөлікті анықтады. Полиция инспекторы Нұржан Сәрсеновтың планшетіне Lexus көлігіне қатысты дабыл келіп түсті.

Анықталғандай, бұл жүргізушіде жеті төленбеген айыппұлы болған, олар жылдамдықты асырғаны үшін салынған. Одан кейін «Қорғау» бағдарламасы Toyota автокөлігін тоқтату туралы тағы бір дабыл берді. Оның жүргізушісі бұрын салынған 60 мың теңгеден асатын екі айыппұлын төлемеген болып шықты. Бұл жолы полицейлер жүргізушілерге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу және жол ережесін бұзбау қажеттілігі туралы ескертулер жасады.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы ең алдымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру