Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қорғау – қауіпті жүргізуші”: Түркістанда 153 млн теңге берешегі бар азамат анықталды

Түркістан облысының полициясы “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен 153 млн теңге айыппұлын төлемей жүрген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы қала аумағында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізеді.

Мәселен, кезекті жұмыс күні тәртіп сақшыларына С.Қожанов көшесінің бойында 153 миллион теңге берешегі бар Ravon Nexia R3 автокөлігіне қатысты дабыл түсті.

Белгілі болғандай, жүргізуші 153 миллион теңгенің 700 мыңын жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл ретінде арқалаған. Оның басым бөлігінде ақылы жол, жылдамдық арттыру, рұқсат етілмеген орынға көлік қою т.б құқық бұзушылықтар. Қалғаны банк пен алимент бойынша берешек екені расталды.

Полицейлер автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетсек, соңғы айда Түркістан облысының полициясы “Қорғау” бағдарламасының көмегімен айыппұлын төлемеген 100-ге жуық жүргізушіні анықтап, көліктерді айыптұраққа қойды.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру