"Қорғау" жүйесі: Павлодарда айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды
Павлодарда айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ертіс өңірінің полицейлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тұрақты түрде бақылауда ұстайды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде Павлодар қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұлын төлемеген Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі анықталды.
Жол сақшылары бұл көлік туралы ақпаратты қызметтік планшеттерінде орнатылған “Қорғау” жүйесі арқылы алды. Тексеру барысында көлік иесінің жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлемегені белгілі болды. Жүргізуші берешегін толық өтеп, полиция қызметкерлері оған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
“Қорғау” жүйесі көлік ағынында қауіпті жүргізушілерді, іздеуде жүрген автокөліктерді, жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғаларды және техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді. 2025 жылдың осы кезеңінде аталған жүйенің көмегімен 156 автокөлік анықталып, 8 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді.
“Заң мен тәртіп” қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.