Қос азаматтығы бар әйелге айыппұл салынды
Қос азаматтығы бар әйелге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматшасын анықтады.
Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды.
Көлік полицейлері оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.
Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды.
Естеріңізге сала кетейік, 14-18 қазан күндері аралығында көліктегі ПД “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Осы ЖПІШ барысында ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 143 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 19 шетелдік елден тыс шығарылды.