Қос азаматтығы бар ер адам елден аластатылды
Павлодар облысында қос азаматтығы бар ер адам елден аластатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 наурызда 71 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы азаматы бола тұра, Ресей Федерациясы азаматтығын алып, заңнамада белгіленген мерзім ішінде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламады.
– Ер адам атына ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал құрастырылды. Сот материалды қарастырды. Сот үкіміне сәйке, ер адамды ел шекарасынан шығару деген шешім қабылданды, – хабарлады Павлодар облысы Шербақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.