Қошқар ұрлаған азамат жауапқа тартылды
Қызылорда облысының Шиелі ауданында біреудің ауласынан қошқар ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 4 желтоқсанынан 5 желтоқсанына қараған түні Шиелі ауданының Қодаманов ауылы тұрғынының ауласынан бір бас қошқар ұрланған.
Жәбірленушінің айтуынша, келтірілген шығын 100 мың теңгені құрады.
Аудан полицейлері мал ұрлығы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған ұрлықты жасаған аудан тұрғынын анықтап, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.