Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қосшыда полицейлер есірткі жарнамалаған күдіктілерді қолға түсірді

Қосшыда полицейлер есірткі жарнамалаған күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қосшыда полиция есірткі жарнамасын таратушылардың қылмыстық әрекеттерін тоқтатты. Полицейлер аумақты тексеру кезінде Қосшы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына тыйым салынған жазуды тапты.

Құқық бұзушылар тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкеннің атауын қара бояумен салған. Қатысушылардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп, олардың жеке басын тез анықтауға мүмкіндік берді.

Тіркелген факті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласының екі тұрғынын анықтады. Жедел қызметкерлердің айтуынша, жастар еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді, ал бұл заңсыз жұмысты әлеуметтік желілерде тапқан.

Бұл ретте олар есірткі жарнамасын жасағаны үшін ақшалай емес, есірткі заттары түрінде сыйақы ағаны. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Сонымен қатар полицейлер есірткі жарнамасын тарату және насихаттау жастарды есірткі айналымына тартудың кең таралған тәсілдерінің бірі екенін атап өтті. Көбінесе мұндай "қосымша жұмыс" мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы қарапайым және қауіпсіз тапсырмалар түрінде ұсынылады, бірақ теріс салдары бар.

Құқық қорғау органдары есірткі құралдарын тарату, насихаттау және жарнамалау сыйақы нысанына қарамастан қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру