Қостанай ауданында жер үй өртеніп кетті
Қостанай ауданында жер үй өртеніп, 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 25 маусымда сағат 21:45-те Затобол к. №10 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пультіне қоңырау түсті. Қостанай районының Самир с. Школьная көшесі 10 65 шаршы метр алаңында жекеменшік үй өртеніп кетті. Шақырту орнына №10 өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымы дереу шықты. Барлау барысында өрт сөндірушілер 1954 жылы туған әйелдің мәйітін тапты.
Өрт орнында «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жеті қызметкері мен екі техникасы жұмыс істеді. Өрт сағат 23:15-те ауыздықталып, сағат 23:29-да жойылды.
Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.
Өзіңізді, туыстарыңызды және жақындарыңызды қайғылы жағдайдан қорғау үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрт немесе жану белгілері байқалса, дереу «101» немесе » 112 » телефондарына хабарлаңыз.