Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық мәслихат депутаты ПД-нің Тергеу басқармасының қызметкерлерімен кездесті

Қостанай облыстық мәслихат депутаты ПД-нің Тергеу басқармасының қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуді тапсырған болатын. Бұл жүйе бүгінде барлық дамыған елдерде қолданылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы Қостанай облысының Полиция департаментінде қалай жүзеге асырылып жатқанын Облыстық мәслихат депутаты, Әйелдер күштері альянсының мүшесі Гүлмира Қапенова іс жүзінде көріп қайтты.

Тергеу басқармасының бастығы Сафуан Жампейісов, ең алдымен, қонақты басқарманың тарихы және қалыптасуымен, тергеушілердің алдында тұрған негізгі міндеттермен таныстырды.

Қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу жайында басқарма тергеушісі Қайыржан Күдебаев баяндады. Ол үш буынды модель кезінде полицияның, прокуратураның және соттың өкілеттіктері нақты ажыратылғанын атап өтті. Бағдарламада іс жүргізу құжаттарының 200-ден астам үлгісі бар. Мамандар бұл жаңашылдықтың өте ыңғайлы әрі уақыт үнемдеуге мол мүмкіндік беретін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыстық ПД тергеу бөлімшелерінде 10 337 қылмыстық іс тіркелді, оның ішінде 8770-і электронды форматта немесе 85 %.

– Бүгін мен бұл модельдің елімізде табысты іске асырылып жатқанын көрдім. Облыстық Полиция департаментінің тергеушілері маған осы жүйеде қалай жұмыс істейтіндерін нақты мысалдармен көрсетті. Үш буынды модельдің тергеу іс-шараларының барлық кезеңдерінде шешімдер қабылдау үдерісін жеделдететініне, жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне, ең бастысы, азаматтардың конституциялық құқықтарының ашықтығы мен қорғалуын қамтамасыз ететініне көз жеткіздім, – деп атап өтті Гүлмира Қапенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру