Қостанай облыстық полиция департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды
Қостанай облыстық полиция департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысының полиция департаментінде ішкі істер органдары ардагерлері, басшылық және жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, содан кейін салтанатты түрде үш мәрте қарудан оқ атылды.
Іс-шара барысында сөз сөйлеген департамент бастығы Ерлан Файзуллин жиналғандарды атаулы күндерімен құттықтап, ардагерлерге алғысын білдірді.
— Осы маңызды күні ішкі істер органдарының ардагерлеріне қызметке адалдығы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер жас полиция қызметкерлеріне үлгі болдыңыздар, - деді ПД бастығы.
Іс-шара аясында ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы" мерейтойлық медалімен тыл еңбеккері, ІІО ардагері Анна Выгонюк марапатталды. "Құрметті ардагер" төсбелгісімен тыл еңбеккері және ІІО ардагері Сания Хакимова, сондай-ақ ІІО ардагерлері Шорман Тәшетов пен Валерий Шило марапатталды. ІІО ардагерлері Владимир Мартынюк пен Төлеген Жақсымбетов құрмет грамоталарымен марапатталды. Ардагерлер Сағижан Камешов, Айдос Күзембаев және Батыржан Ағаділов грамоталармен марапатталды.
Мемлекеттік мерекелерге орай бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді. Полиция полковнигі атағы экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Сәбит Ибраемовке және Қостанай аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ғалихановқа берілді. Ал полиция подполковнигі атағы Рудный қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жантас Кучербаевқа берілді.
"Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды: Берік Есенғалиев - Қостанай ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.
"Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологы Қайрат Бейсембин марапатталды.
Мұндай іс-шаралар тарихи естелікті сақтап қана қоймайды, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің өскелең ұрпағында патриотизм мен қызметке деген құрметке тәрбиелеуге ықпал етеді.