Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ҚАЖД мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы ұйымдастырылды

Қостанай облыстық ҚАЖД-ға қарасты № 40 мекемеде «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланысты нығайту, сотталғандармен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, сотталғандарды мінез-құлық құқығына ынталандыру және оларды босатылғаннан кейін қоғамға неғұрлым тез бейімделуге дайындау болды.

Аталған іс-шараға сотталғандардың 25-ке жуық туысы қатысты, сондай-ақ Қоғамдық бақылау комиссиясы қызметкерлері, Қостанай облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі, прокуратура өкілдері шақырылды.

«Ашық есік күні” іс-шарасы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде тұрақты негізде өткізіледі, өйткені мұндай жұмыс түрі тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үшін қажетті әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтаудың жақсы тәсілі.

Отбасы және оның қолдауы бас бостандығынан айыру орындарында қалған адамдар үшін өте маңызды. Олардың көпшілігі мұны үйден жырақтағанда біле бастайды. Ал бұл іс-шара арқылы туыстары сотталғанның қалай өмір сүретінін, қандай жағдайда жұмыс істейтінін және бос уақытын қалай өткізетінін, не жейтінін, қай жерде емделетінін біле алады.

Қонақтар сотталғандар тұратын жатақханаларға, медициналық бөлімге, дүкен мен асханаға, мекеме кітапханаларына барып, сондай-ақ сотталғандарды ұстаудың тұрмыстық жағдайларын, білім беру және тәрбие бағдарламаларымен, сотталғандардың электрондық өтініштерінің терминалымен танысты. Танысу экскурсиясынан кейін сотталғандарға келген туыстарымен сөйлесуге және шай ішуге уақыт берілді.

Іс-шара соңында колония басшылығы сотталғандарға белгіленген түзету жолынан адаспауға, ал олардың туыстарына олардың тез әлеуметтенуіне және толыққанды тұлғалардың қоғамға оралуына ықпал ете отырып, қолдау көрсетуге тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру