Қостанай облыстық ҚАЖД мекемесіне 4 бейнетаксофон орнатылды
Қостанай облыстық ҚАЖД мекемесіне 4 бейнетаксофон орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекеме РММ аумағында 4 бейнетаксофон орнатылды. Әрбір сотталған күніне максимум 15 минут телефон арқылы сөйлесе алады. Бір айға арналған лимит 120 минуттан аспайды. Қолданбамен жұмыс істеу үшін пайдаланушы ID нөмірін енгізіп, функцияны таңдайды (бейне қоңырау шалу, дауыстық/бейне хабарлама жіберу, мәтіндік хабарламаны оқу, дауыстық хабарламаны тыңдау, бейне хабарламаны қарау). Бұл жүйе қоңырауларды жеңілдетеді, қосымша арқылы туыстары онлайн төлем жасай алады.
Мекемедегі бұл жаңалықтар ондағы сотталғандардың моральдық-психологиялық жағдайын едәуір жақсартуға және әлеуметтік байланысты сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ сотталғандардың туыстары да бұл жүйеге оң көзқараста.